2014 жылдың 1 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстары

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылдың 3 мамырдағы № 154 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» (2011 жылдың 5 шілдедегі және 2012 жылдың 7 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтыруларына) сәйкес төмендегідей мәлімдейміз;
6 тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру.
Басқарма сайтында тиісті барлық құқықтық актілер, бағдарламалар қажетті ереже, талаптар орналастырылған.
15 тармақ. Мемлекеттік орган басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу.
Мекеме басшысының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу 2014 жылдың 1 тоқсаны бойынша өткізілмеді, алдағы уақытқа жоспарлануда.
19 тармақ. Процессинг орталықтарымен жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнеқадағалау және тіркеу жүйелерін енгізу.
2014 жылдың 1 тоқсаны бойынша қаражат қарастырылмаған.
28 тармақ. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдануы мен іске асыруының ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету (БАҚ-да жариялау, интернет-ресурстар арқылы).
Облыстық инвестициялық жобаларын қаржыландыру, бюджет қаржысын жұмсау бойынша мемлекеттік органдары шешімдерін қолдану және іске асыру жөніндегі ақпарат облыс әкімдігінің пресс-қызмет арқылы, бұқаралық ақпарат құралдарында (Ақтөбе, Актюбинский вестник) облыстық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бөлімінде (айсайын, тоқсан сайын) жарияланады. Сондай-ақ басқарма ережесі, тиісті ақпараттар, нормативтік құқықтық актілер, облыс әкімдігінің отырыстары мен кеңестерінде қаралған ақпарат ақпараттық жүйелер мекеме сайтына (www.economika.aktobe.gov.kz) орналастырылған.
30 тармақ. Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер (мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары және т.б.) туралы жұртшылықты хабардар ету.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптары қатаң түрде сақталуда. Мемлекеттік сатып алу веб-порталға ұсыну арқылы жүргізіледі. Порталда қажеттілік, ұсынылған баға, нәтижесі барлығы айқын көрсетілген.
33 тармақ. Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне талдау жасау және болдырмау шаралары.
Ай сайын ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарының және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексі талаптарын бұзушылық фактілері бойынша талдау жасалып Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне ақпарат беріледі. Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жоқ. Болдырмау шаралар негізінде, 2014 жылдың 28 ақпанында «Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жұмыстарын күшейту туралы» семинар өткізіліп, қызметшілерге жете түсіндірілді.