2014 жылдың 2 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстары

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылдың 3 мамырдағы № 154 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» (2011 жылдың 5 шілдедегі және 2012 жылдың 7 қыркүйектегі өзгерістер мен толықтыруларына) сәйкес төмендегідей мәлімдейміз;
1 тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған ішкі ведомствоішілік іс шаралар жоспарын әзірлеу.
2011 жылдың 17 мамырында «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
5 тармақ. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу практикасын жалғастыру, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану.
2014 жылдың 28 ақпанында басқарма басшысының м.а. Қ.Ыбраймұлының төрағалығымен қызметкерлер арасында Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жұмыстарын күшейту туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының сақталуы мәселесі бойынша семинар өткізіліп, қызметкерлерге жауапкершіліктің қаталдығын, жол бермеу шаралары аясында баяндама оқылды. (2014 жылғы 28 ақпандағы № 1 хаттама)
6 тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру.
Басқарма сайтында тиісті барлық құқықтық актілер, бағдарламалар, қажетті ереже, талаптар орналастырылған.
12 тармақ. «Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту.
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексін бекітуі туралы» ҚР Президентінің 03.05.2005 ж. №1567 Жарлығын іске асыруда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасына жергілікті баспаларда жариялау үшін біздің мемлекеттік мекеменің сенім телефонының нөмірі 54 24 49. Басқарма қызметкерлеріне жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» стенді ілінген. Сонымен қатар, облыстық әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан «Пошта бөлімшесінде» басқармаға келіп түсетін хаттарды салу жәшігі бар және басқарманың дәлізінде «Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың ұсыныс-пікірлері үшін» жәшік орнатылған.
15 тармақ. Мемлекеттік орган басшыларының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуін тәжірибеге енгізу.
Мекеме басшысының қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу 2014 жылдың 2 тоқсаны бойынша өткізілмеді, алдағы уақытқа жоспарлануда.
28 тармақ. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдануы мен іске асыруының ақпараттық айқындылығын қамтамасыз ету (БАҚ-да жариялау, интернет-ресурстар арқылы).
Облыстық инвестициялық жобаларын қаржыландыру, бюджет қаржысын жұмсау бойынша мемлекеттік органдары шешімдерін қолдану және іске асыру жөніндегі ақпарат облыс әкімдігінің пресс-қызмет арқылы, бұқаралық ақпарат құралдарында (Ақтөбе, Актюбинский вестник) облыстық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бөлімінде жарияланады. Сондай-ақ басқарма ережесі, тиісті ақпараттар, нормативтік құқықтық актілер мекеме сайтына (www.economika.aktobe.gov.kz) орналастырылған.
30 тармақ. Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер (мемлекеттік сатып алу, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары және т.б.) туралы жұртшылықты хабардар ету.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу кезінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптары қатаң түрде сақталуда. Мемлекеттік сатып алу веб-порталға ұсыну арқылы жүргізіледі. Порталда қажеттілік, ұсынылған баға, нәтижесі барлығы айқын көрсетілген.
33 тармақ. Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың қызметінде жасалған сыбайлас жемқорлық көріністеріне талдау жасау және болдырмау шаралары.
Ай сайын ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарының және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-Намыс Кодексі талаптарын бұзушылық фактілері бойынша талдау жасалып Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне ақпарат беріледі. Ағымдағы жылдың 1 тоқсаны қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жоқ. Болдырмау шаралар негізінде, 2014 жылдың 28 ақпанында «Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жұмыстарын күшейту туралы» семинар өткізіліп, қызметшілерге жете түсіндірілді.
34 тармақ. Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылығы туралы ақпарат дайындау.
Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.
36 тармақ. Мемлекеттік қызметшілердің табыстары мен мүлкінің декларациялануын, онда жазылған мәліметтердің нақтылығын тексеру жүйесін жақсарту бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қызметкерлердің алғаш рет және кезекті табысы туралы декларацияларды уақтылы тапсырылуы басқарма тарапынан қатаң бақылауға алынған. Қолданыстағы заңнамаға сай мерзімінде тапсыру үшін қызметкерлерге уақтылы хабарлама беріліп, нәтижесі қадағаланып отырады.
- 2011 - 2013 жылғы табысы туралы декларацияларын барлық қызметкерлер толық электронды түрде тапсырды. Осы мақсатта басқармада декларацияны тапсыруға Салық органымен «COHO» бағдарламасы орнатылған.