2014 жылдың 3 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстары

2014 жылдың 10 тамыздағы Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өзара іс-қимыл жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей мәлімдейміз;
1 тармақ. Әлеуметтік-экономикалық салалардағы мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылық пен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізу.
Облыстық инвестициялық жобаларын қаржыландыру, бюджет қаржысын жұмсау бойынша мемлекеттік органдары шешімдерін қолдану және іске асыру жөніндегі ақпарат облыс әкімдігінің пресс-қызмет арқылы, бұқаралық ақпарат құралдарында (Ақтөбе, Актюбинский вестник) облыстық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бөлімінде жарияланады. Сондай-ақ басқарма ережесі, тиісті ақпараттар, нормативтік құқықтық актілер мекеме сайтына (www.economika.aktobe.gov.kz) орналастырылады. Қоғамдық тыңдау өткізу алдағы уақытқа жоспарлануда.
7 тармақ. Азаматтық қоғам институттарымен бірлесе қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған түрлі (дөңгелек үстел, кездесулер т.б) іс-шаралар өткізу.
Іс-шаралар өткізу алдағы уақытта жоспарлануда.
10 тармақ. Тиімді мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтердің жоғары сапасын мемлекеттік органдардың қоғам тарапынан бақылануы, яғни жариялық, есептілік пен ашықтық арқылы қаматмамсыз ету
Басқарма қызметкерлеріне жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» стенді ілінген. Сонымен қатар, облыстық әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан «Пошта бөлімшесінде» басқармаға келіп түсетін хаттарды салу жәшігі бар және басқарманың дәлізінде «Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың ұсыныс-пікірлері үшін» жәшік орнатылған. Басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.
2014 жылдың 8 тамыздағы Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған Медиа жоспарына сәйкес төмендегідей мәлімдейміз;
6 тармақ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы тұрғындар алдында есеп жүргізу.
Іс-шаралар бойынша алдағы уақытта БАҚ ақпараттар беру көзделіп отыр..
7 тармақ. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде бөлімдерінің жұмыстарын қамтамасыз ету және оларды ұдайы жаңартып отыру.
Басқарма сайтында тиісті барлық құқықтық актілер, бағдарламалар қажетті ереже, талаптар орналастырылған. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылдың 3 мамырдағы № 154 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» және Қазақстан Республикасындағы сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы орналастырылған.
8 тармақ. «Сенім телефоны» мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және хаттарға арналған почталық жәшіктерінің жұмыс істеу бойынша ақпараттарды БАҚ-да және мемлекеттік органдардың интернет+ресурстарында орналастыру.
Басқарма қызметкерлеріне жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» стенді ілінген. Сонымен қатар, облыстық әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан «Пошта бөлімшесінде» басқармаға келіп түсетін хаттарды салу жәшігі бар және басқарманың дәлізінде «Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың ұсыныс-пікірлері үшін» жәшік орнатылған. Басқарма сайтында сенім телефоны көрсетілген. Ақпараттарды БАҚ-да хабардар етілетіндігіңн хабарлаймыз.