2014 жылдың 4 тоқсандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстары

2014 жылдың 10 тамыздағы Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өзара іс-қимыл жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей мәлімдейміз;
1 тармақ. Әлеуметтік-экономикалық салалардағы мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындылық пен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізу.
Облыстық инвестициялық жобаларын қаржыландыру, бюджет қаржысын жұмсау бойынша мемлекеттік органдары шешімдерін қолдану және іске асыру жөніндегі ақпарат облыс әкімдігінің пресс-қызмет арқылы, бұқаралық ақпарат құралдарында (Ақтөбе, Актюбинский вестник) облыстық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бөлімінде жарияланады. Сондай-ақ басқарма ережесі, тиісті ақпараттар, нормативтік құқықтық актілер мекеме сайтына (www.economika.aktobe.gov.kz) орналастырылады. Қоғамдық тыңдау өткізу алдағы уақытқа жоспарлануда.
7 тармақ. Азаматтық қоғам институттарымен бірлесе қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталған түрлі (дөңгелек үстел, кездесулер т.б) іс-шаралар өткізу.
Іс-шаралар өткізу алдағы уақытта жоспарлануда.
10 тармақ. Тиімді мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтердің жоғары сапасын мемлекеттік органдардың қоғам тарапынан бақылануы, яғни жариялық, есептілік пен ашықтық арқылы қаматмамсыз ету
Басқарма қызметкерлеріне жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» стенді ілінген. Сонымен қатар, облыстық әкімшілік ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан «Пошта бөлімшесінде» басқармаға келіп түсетін хаттарды салу жәшігі бар және басқарманың дәлізінде «Лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне азаматтардың ұсыныс-пікірлері үшін» жәшік орнатылған. Басқарма тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.