Басқарма ережесі

Облыс әкімдігінің
2016 ж. ___________ № ____ қаулысымен бекітілген
«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі экономика және мемлекеттік жоспарлау салаларында басшылық жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Казақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті әрекет ететін заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, 030010 индексі, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
10. Толық атауы: «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді
орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссия, негізгі мақсаттар, құқық және міндеттері.
15. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – тіке және түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, экономикалық, стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың тұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басымды міндеттерді іске асыру.
16. Міңдеттер:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын, басымдықтарын және негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-әрекет етуде бюджеттік саясатты іске асыру;
3) аймақтық дамыту саласында саясатты жүзеге асыру.
17. Функциялары:
1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу;
2) аумақтарды дамыту бағдарламасын және оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
3) жергілікті атқарушы органның меморандум жобасын әзірлеу;
4) Аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыруда толықтығын талдау, уақытылы орындалуын, түзетулерді, сондай-ақ іс-шаралар жоспарын мониторингілеуді келісу және жүзеге асыру;
5) әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде өңірлердің орнықты дамуы үшін бақылау;
6) облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу;
7) облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін анықтау;
8) агломерация, шағын қалалар, моно қала, шекара шектес аумақтар, аудандық орталықтар және тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын, ауылдық және поселкалық округтардың орталықтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мониторингілеу;
9) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджетті жоспарлы кезеңге әзірлеу;
10) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ескере отырып, жергілікті бюджеттің кірістерін болжамдау;
11) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді жоспарлы кезеңге облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындау;
12) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды қарау және қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберу;
13) үш жылдық кезеңге облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау;
14) үш жылдық кезеңге облыстық бюджет жобасын жасайды және оны облыстың комиссиясының қарауына енгізеді;
15) облыстық бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
16) инвестициялық ұсыныстарды қарау, олардың нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және оларды бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
17) жергілікті бюджет қаражаты есебінен бюджеттік инвестицияларды іске асыруға мониторингті жүргізу;
18) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланған, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесі бойынша экономикалық тұжырымдамасын дайындау;
19) өндіру келісім-шарттарының жобасына, біріккен барлау және өндіру келісім-шарттарының жобаларына, сондай-ақ өндіру бөлігіндегі бұрын жасалған келісім-шарттарына толықтырулар мен өзгертулердің жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;
20) жергілікті атқарушы органмен айқындалған, заңды тұлғалардың сараптамасы негізінде мемлекеттік-жеке әріптестік жобасының концепциясына тұжырымдама дайындау;
21) іске асыруға жоспарланған мемлекеттік-жеке әріптестік жобасының тізбесін қалыптастыру және бекіту;
22) МЖӘ жобасының концепциясын, конкурстық құжаттамасын келісу, МЖӘ жобаларының конкурстық құжаттамаларының, оның ішінде концессиялық жобаларын әзірлеуге немесе түзетуге тұжырымдамаларды қалыптастыру, сондай-ақ қажетті сараптамаларды жүргізу және тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
23) МЖӘ шартының жобасын, оның ішінде оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді келісу;
24) МЖӘ жергілікті жобалары бойынша жасасқан уақыттан бастап, МЖӘ жасасқан шарттары туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органын хабарландыру;
25) өз құзіреті шегінде, ауылдық елді мекендерге жұмыс жасау және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру;
26) Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр кеңсесі, орталық атқарушы органдардың, әкімнің және облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындау;
27) бухгалтерлік есеп және есеп беру, кадрлық-құқықтық жұмыстар жұмысы, әкімшілік шаруашылық қызметті жүргізу;
28) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық сандары лимиттерін белгілеу және көліктік қызмет көрсету туралы қаулысын әзірлейді және әкімдіктің қарауына енгізеді;
29) заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
18. Құқығы мен міндеттері:
1) функцияларды орындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау;
2) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
3) өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар және мәліметтерді мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, сондай-ақ лауазымдық тұлғалардан, азаматтардан сұратуға және алуға;
4) Басқарманың құзіретіне кіретін, әкімнің, облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың құқықтық және нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге;
5) барлық құзіретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында басқарманың мүддесін білдіру;
6) облыс әкіміне, жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарына жиналыстарда, облыс әкімдігінің отырыстарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы материалдарын дайындау және ұсыну;
7) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
9) кадр саясатында гендерлік теңдікті жүзеге асыруға қатысу;
10) коммуналдық меншікке құқықтарын жүзеге асыру бойынша өз құзыреті шегінде коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен әрекеттестік жасау;
11) заңнамамен көзделген, өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      20. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылығы «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықты басшысы жүзеге асырады.
21. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, облыс әкімі «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының қызметке тағайындалатын және
қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) өз құзіреті шегінде құрылымын және бөлімдер туралы ережелерін бекітеді;
2) орынбасарлардың, бөлім басшыларының және басқа жауапты қызметкерлердің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
3) заңнамаға сәйкес қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгіленген тәртібі бойынша қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;
5) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау бойынша жеке жауапкершілікте болады;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезінде
оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі бар.
       «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік
коммуналдық меншікке жатады.
  23. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган: «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
24. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген мүлікті өздігінен оқшаулауға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
28. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.