Басқарма басшысы - Сүйінтаева Гүлкасима Рамазанқызы

Суентаева Гүлкасима Рамазанқызы
Г.Р.Сүйінтаева 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Халықаралық академияны тәмамдаған. Мамандығы – экономист, іскер әкімшілік магистрі. Еңбек жолын 1993 жылы №1 Ақтөбе қалалық денсаулық сақтау бөлімінің орталықтандырылған есепшісі қызметінен бастады. Әр түрлі жылдары Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас есепшісі, Медициналық қызметтерге төлем жасау орталығының облыстық бөлімшесінің директоры, Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің директоры болып қызмет атқарды. 2017 жылғы мамырдан бастап қазіргі таңға дейін Ақтөбе облысының қаржы басқармасы басшысы болып еңбек етті.
Добавлено: 
15.12.2016 - 05:00
Последние изменения: 
07.04.2017 - 05:00