Басқарма басшысының орынбасары - Ерғалиева Айгүл Әбілхамитқызы

Ерғалиева Айгүл Әбілхамитқызы
1976 жылы 11 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылында дүниеге келген.Батыс Қазақстан аграрлық университетін «Бухгалтерлік есеп, бақылау және ауыл шаруашылығының жұмысын талдау» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Ақтөбе облысының қаржы басқармасы бағдарлама және ақпараттандыру бөлімінің аға маманы болып бастады, сондай-ақ аталған басқарманың мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары бөлімін, кейін осы басқарманың бюджеттік жоспарлау және талдау бөлімін басқарды.Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бюджеттік жоспарлау және бюджетаралық қатынастар бөлімі бсшысы лауазымында болды. Қазіргі таңда Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.
Добавлено: 
15.12.2016 - 05:00
Последние изменения: 
15.12.2016 - 05:00