2017 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы

2017 жылғы наурызда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда өндіруші кәсіпорындар бағасы 6,2%-ға жоғарылады. Кен өндіру өнеркәсібінде - 10,1%, өңдеу өнеркәсібінде 2,1%-ға жоғарылаы байқалды. Өндірілген өнім - 6,4%, өндірістік сипаттағы қызметтер 4,4%-ға қымбаттады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы металл кендеріне - 14,8%, мұнайға - 10,7%, мазутқа - 5,6%, табиғи газға - 5,5%, дизель отынына және көмірге - 4,6%-дан, бензинге - 4,2%, сұйытылған пропан және бутанға 1,6%-ға жоғарылады.
Бағаның ферроқорытпаларға - 10,6%, мырышқа - 3,7%, қара металдар илегіне - 3,3%, мысқа - 0,8%-ға жоғарылауы, олардың асыл металдарға - 2,5%, алюминийге 0,6%-ға төмендеуі тіркелді.
Өндірушілер бағасының сүт өнімдеріне және шайға - 5%-дан, мал етіне - 4,8%, күрішке - 2,3%, нанға - 1,3%, қара бидай ұнына және маргаринге 0,8%-дан жоғарылауы, олардың жармаларға - 5,8%, қантқа - 5,4%, балыққа және бидай ұнына - 3,4%-дан, өсімдік майына 1,5%-ға төмендеуі байқалды.