Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Олжас Смағұлов тағайындалды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен ҚР Президенті жанындағы жоғары аттестациялық комиссиясының қызметті жоғарылату туралы шешімі негізінде Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне Смағұлов Олжас Мұхтарұлы тағайындалды.
Алматы қаласында туған. Америка Интерконтиненталдық университетін, (АҚШ, Лос Анджелес), Помона Калифорниялық мемлекеттік политехникалық университетін (АҚШ), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін және Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (Лондон, Ұлыбритания) аяқтаған. Экономика ғылымдарының және мемлекеттік саясат және басқару магистрі.
Еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімінің аппараты ақпараттық-талдау және ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған, кейін Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы болып қызмет жасады.
2015 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.