Ұлттық экономика министрі Азиялық даму банкінің (АДБ) өкілдерімен әлеуметтік-экономикалық даму – Үшінші жаңғыртудың негізгі бағыттарын талқылады.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов АДБ өкілдерімен кездесуде негізгі бағыттары Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көрсетілген дамудың жаңа моделін қалыптастыру мәселесін талқылады.
Талқылау барысында тараптар АДБ-ның Қазақстанмен 2017-2021 жылдарға арналған әріптестік стратегиясы мәселесін қозғады. Бұл құжат бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тұрақты өсімді қолдау мақсатында экономиканы әртараптандыруды жалғастыруға, жаңа жұмыс орындарын және инфрақұрылымға инвестицияларды құруға, жеке капиталды тартуға және шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.
АДБ өкілдері кездесу барысында Қазақстанның аймақтық ынтымақтастықты (Орталық-Азиялық аймақтық экономикалық ынтымақтастық) (ОААЭЫ) дамытудағы маңызды рөлін атап өттті.
Кездесу қорытындысында тараптар Елдік әріптестік стратегиясы аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын мақұлдады және бұл мәселе бойынша тараптар арасындағы сындарлы диалогты жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.
АДБ ОААЭЫ бағдарламасы 1997 жылы Орталық-Азия аймағындағы экономикалық және аймақтық ынтымақтастықты ұзақмерзімді дамыту мақсатымен құрылған болатын.
Бағдарлама Қазақстанда 2011 жылы басталды және 6 көпжақты әріптес-мекемелердің (АДБ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры, Исламдық даму банкі, БҰҰ даму бағдарламасы және Дүниежүзілік банк) қолдауымен 11 елдің (Ауғанстан, Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пакистан, КХР, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан) жедел дамуға және кедейшілікті азайтуға әкелетін аймақтық ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы әріптестігін танытады.
2001-2016 жылдары ОААЭЫ бағдарламасы аясында көлік, сауда және энергетика салаларына 7 млрд. АҚШ долларына жуық инвестиция салынды.
АДБ ОААЭЫ хатшылығы ретінде министрлердің конференциясынан, әр елдегі ұлттық үйлестіру орталықтарынан және салалық үйлестіру комитеттерінен тұратын ОААЭЫ-ның жалпы институттық құрылымына техникалық және әкімшілік қолдау көрсетеді.