Ұлттық экономика министрі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің ұжымына жаңа төрағаны таныстырды

Ағымдағы жылғы 13 шілдеде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің ұжымына жаңа төраға Азамат Мәйтиевті таныстырды.
Монополияға қарсы комитеттің жаңа басшысын таныстыра келіп, ҰЭМ министрі министрлік кадр саясатында ішкі кадрларды көтермелеу принципін ұстанатындығын атап көрсетті.
Азамат Мәйтиевтің тарифтік бәсекелестік саясаты саласындағы мемлекеттік қызметте 17 жыл өтілі бар және жетекші маман лауазымынан бастап, барлық сатылардан өткен. Тағайындауға дейін Мәйтиев аталған ведомстводағы төрағаның орынбасары лауазымында болды.
Министр ТМРБжТҚК алдында тұрған міндеттердің маңыздылығына тоқталды, олар – бәсекелестікті дамыту, монополиялық әрекетті және үстем қалпын теріс пайдалануды ескерту және бұлтартпау, монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қадағалау. Ол сондай-ақ интеграциялық үдерістер аясындағы бәсекелестікті қорғау жөніндегі жүзеге асырылған заңнамалық бастамалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі