Польша Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуды көздейді

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Польша Республикасының даму вице-министрі Ядвига Эмилевич ханым бастаған польшалық делегациямен кездесті.
Әңгімелесу барысында тараптар қазақстандық-польшалық инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, өзара сапарлар мен іс-шаралар күнтізбесін, оның ішінде Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың алдағы ресми сапарын қарастырды. Польша басшысының сапары аясында 6-7 қыркүйекте қазақстандық-польшалық бизнес-форум өткізіледі, оның мақсаты Қазақстанның Польшамен сауда және инвестициялар саласындағы өзара тиімді әріптестігі мен ынтымақтастығы болып табылады.
Ядвига Эмилевич ханым фармацевтика және жиһаз өндіру саласындағы польшалық бизнестің Қзаақстанға инвестициялар салуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.
Келіссөздер барысында сондай-ақ 2022 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізуге Қазақстан Республикасының Лодзь қаласын (Польша) үміткер ретінде қолдау мүмкіндігі туралы мәселе де көтерілді.
Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.
Ресми деректер бойынша, Қазақстанның Польшамен 2017 жылғ 5 айдағы тауар айналымы 244,173 млн. АҚШ долларын құрады, яғни 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 170,9%-ға немесе 154, 057 млн. АҚШ долл.-ына (2016 жылғы 5 айда 90,116 млн. АҚШ долл.-ына) ұлғайды.
Қазақстанның Польшаға экспорты 2017 жылғы 5 айда 128,059 млн. АҚШ долл. құрады, яғни 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 98%-ға немесе 63,436 млн. АҚШ долл.-ына (2016 жылы 64,623 млн. АҚШ долл.) ұлғайған.
Қазақстанның Польшадан алатын импорты 2017 жылғы 5 айда 116, 114 млн. АҚШ долл. құрады, яғни өткен жылғы сәйкес көрсеткіштен 355,4%-ға немесе 90,621 млн.АҚШ долл.-ына (2016 жылы 25,493 млн.АҚШ долл.) артық.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ