2017 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы туралы

2017 жылғы қаңтар-мамырдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы – 6 507,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 34,9%-ға артты, соның ішінде экспорт – 2 014,1 млн. АҚШ доллары (34,4%-ға өсті), импорт – 4 493,0 млн. АҚШ доллары (35,1%-ға өсті).
Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (37,7% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (32,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,1%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (8,4%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 23,0%), минералды өнімдер (17,6%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (16,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (15,2%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,5%), әкелінеді.