Аналитикалық есеп қаңтар - қыркүйек 2017 ж

2017 жылдың қаңтар – қыркүйек айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1076,6 млрд. теңгені құрады (Нақты көлем индексі 104,7%), кен өндіру өнеркәсібі – 618,6 млрд. теңге (НКИ,-,102,6%), өңдеу өнеркәсібі – 375,8 млрд. теңге (НКИ – 109,1%).
2017 жылы индустриаландыру картасы ауқымында 170 жұмыс орнын құрумен 5,6 млрд. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 145,5 млрд. теңгені құрайды. Нақты көлем индексі – 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 103,9%.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы қызмет ететін субъектілердің саны 50,7 мың бірлікті немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне 110,9% құрады.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 268,0 млрд. теңгені құрады немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 121,1% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 107,9 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,3% құрады. Пайдалануға 389,7 мың ш.м. тұрғын үй енгізілді немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,1%.
Мемлекеттік бюджетке 247,0 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе жоспарға 101,9% құрады, оның ішінде республикалық бюджет 174,5 млрд. теңге (болжамға 100,7%), жергілікті бюджетке – 72,5 млрд. теңге (болжамға 105,0%).
Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады (2017 жылдың 2 тоқсаны).
15206 жаңа жұмыс орны құрылды.
Бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2017 жылдың қаңтар –қыркүйегінде 122202 теңгені құрады бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 7,4% жоғары.