Ақтөбе агломерациясын дамыту туралы

Ақтөбе агломерациясы 6 ауданның аумағын қамтиды (Алға, Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау). Ақтөбе қаласын және 152 елді мекенді қоса алғанда, оның ішінде 2 шағын қала (Алға, Қандыағаш) және Хромтау моноқаласы.
Агломерация аймағында 644,6 мың адам немесе облыс халқының 75,5% -ы тұрады.
Облыс әкімдігі агломерацияны әрі қарай дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Бүгінгі таңда агломерацияны мақсатты түрде дамытуға ықпал ететін 10 жаңа негізгі бағыт анықталды, оның ішінде:
- «Көлік және логистика орталығы», «Индустриялық-инновациялық орталық», «Индустриялды-аграрлық аймақ», «Алдыңғы қатардағы ШОБ», «Медициналық кластер», «Smart city және қазіргі заманғы инфрақұрылым», «Қазіргі заманғы білім беру кластері», «Спорт жетістіктері және салауатты өмір салты», «Қазіргі заманғы мәдени орталық», «Жасыл белдеу және Ақтөбе агломерациясының таза экологиясы».
Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі жұмыс тобы әрбір елді мекен үшін қазіргі жағдайды және олардың проблемалық мәселелерін, ресурстық базасын (жер, су, азық-түлік өнеркәсібі ресурстары), логистикалық және экономикалық әлеуетті зерделеуді және осы критерийлерді, оларды аймақтағы даму перспективаларын ескере отырып жүргізді.
Сондай-ақ агломерацияның аталған 10 негізгі бағыты көршілес облыстардың әлеуетінің дамуын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
Агломерацияны құрудың халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, негізгі жұмыс инфрақұрылымын және оларды тарту аймақтарын үйлесімді дамытуға бағытталатын болады.
ҚР ИДМ-нің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тапсырысы бойынша, «Мемлекеттік қала құрылысы кадастері» РМК Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың аймақаралық схемасын әзірлеуді аяқтады.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін ҚР Үкіметінің мақұлдауымен Ақтөбе агломерациясын дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді «Ақтөбе агломерациясы аумағын дамытудың аймақаралық схемасы» іс-шаралар жоспары қабылданатын болады.