Ақтөбе облысы әкімдігінің «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы маманда

Ақтөбе облысы әкімдігінің «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» қаулысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 15 маусымдағы ҚР Заңымен бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлық ақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде 25%-ға жоғарылатылған лауазымдық айлық ақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер орнатылған азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мамандардың тізімі орман шаруашылығы мамандарымен толықтырылған.
2018 жылғы 12 қарашадағы №489 Ақтөбе облысы әкімдігінің «Ақтөбе облысының орман шаруашылықтары мекемелеренің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен Ақтөбе облысы орман шаруашылықтарының құрылым түрі мемлекеттік мекелерден коммуналдық мемлекеттік мекемелерге ауыстырылды.
Осының негізінде және 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Ауыл, су, орман шаруашылықтары және жануарлар дүниесі саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес орман шаруашылығы мамандарының лауазымдар тізімі толықтырылған және құрылымдық түрінің өзгертулері енгізілген.