Облыстық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясының
2019 жылғы 1 наурызда №24 Ембі сайлау округінен депутат Тахталифум Сәдуұлы Есенғұловтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы, оның орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева "2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" облыс бюджеттің негізгі параметрлері бойынша баяндама жасады.:
Г.Р.Сүйінтаева әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған шығындарға,сондай-ақ жұмыс топтары мен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырыстарында енгізілген ұсыныстар ескерілгендігіне нақты тоқталды.
Жалпы, бюджетті нақтылау 3,9 млрд. теңгеге жүргізілді.
Негізінен қаражат көп балалы және толық емес отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, көпбалалы отбасылардың балалары үшін МДМ-де тамақтануға жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге, аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті 2 есеге арттыруға және жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге 0,5 млрд. Теңге сомасында халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шараларға бағытталды.
Облыстың 20 мектебі үшін жаңа модификациялы кабинеттер сатып алуға, қала мектептерінің 15 ғимаратын жөндеуге, білім беру саласын цифрландыруға, 292 мектепте алғашқы әскери дайындық кабинеттерін жарақтандыруға 0,6 млрд.теңге;
«Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы» шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдауға және Ақтөбе қаласында "Атамекен "микрокредиттік қаржы ұйымы" ЖШС жарғылық капиталын ұлғайтуға-0,3 млрд.теңге;
Әкімшілік өндірісті цифрландыруға 0,2 млрд. теңге және т. б. бөлінді.
Даму бюджетіне 1,3 млрд.теңге, мектептерді, үйлерді, инженерлік желілерді, жеткізуші газ құбырын салуды аяқтауға, газдандыруға, ЖСҚ әзірлеуге және электр желілерін қайта жаңартуды бастауға, сондай-ақ автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, күрделі және орташа жөндеуге және жеткізуші газ құбырын, су тарту ұңғымасын, кәріз желілерін салуға, Ақтөбе қаласында 34 балаларға арналған және 17 спорт алаңын орнатуға бөлінді.