Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32-ші сессиясы өткізілді

2019 жылғы 26 сәуірде №23 Қандыағаш сайлау округінен депутат Бөрехан Сматтуллаұлы Беркімбаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы, оның орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер бойынша баяндама жасады.:
Г. Р. Сүйінтаева облыстық бюджет шығындарына егжей-тегжейлі тоқталды, негізінен қаражат әлеуметтік мәселелерді шешуге, халыққа әлеуметтік қолдаудағы қосымша шараларға, мемлекеттік атаулы көмек төлеуге, жастарға, аз қамтылған отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға гранттар беруге, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін үйлер салуға бағытталды.
Жалпы, бюджетті нақтылау 22,0млрд.теңге сомасына жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 17,0 млрд. теңгеге және облыстық бюджеттен 5,0 млрд.теңгеге.