Қобда ауданында семинар өткізілді

Ақтөбе облысында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап дербес бюджет аудандық маңызы бар 7 қалада және 38 ауылдық округте тәуелсіз бюджеттер енгізіліп, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесті және коммуналдық меншікті басқару бойынша өкілеттіліктері кеңейтілді.
2020 жылдан бастап қалған 97 ауылдық округте дербес бюджет енгізілетін болады.
Осыған байланысты, облыс әкімнің тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдан бастап халқы 2 мың және одан аз адам болатын ауылдық округтерде дербес бюджетті және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Облыстық деңгейде экономика, қаржы және мемлекеттік сатып алулар басқармаларының, қазынашылық және мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатарынан ақпараттық-түсіндіру топтары қалыптастырылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кадрлық әлеуетін арттыру мақсатында 3 арнайы топтық семинар-кеңес өткізілетін болады.
Ағымдағы жылдың 30 шілдесінда экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сүйінтаева Гүлқасима Рамазанқызының төрағалық етуімен бірінші кеңес Хобда ауданында Ойыл, Қарғалы, Мәртөк, Хобда аудандарының 12 ауыл әкімдерінің қатысуымен өткізілді.
Төртінші деңгейдегі дербес бюджет жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуге мүмкіндік береді, азаматтар шешімдер қабылдау процесіне қатысатын болады, бұл жергілікті проблемаларды шешуге, тиісті бюджеттердің жобаларын талқылауға халықты белсенді тартуға әкеп соғады.