АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ МАСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМДЕРІ

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473
«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6565 тіркелген 2019 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1-тармақта:
2) тармақшада:
шығындар –
«152 873 948» сандары «153 174 499,2» сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшада:
таза бюджеттік кредиттеу –
«- 4 292 093» сандары «2 707 907» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде;
бюджеттік кредиттер –
«5 820 897» сандары «12 820 897» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
бюджет тапшылығы (профициті) –
«- 207 907» сандары «- 7 207 907» сандарымен ауыстырылсын;
6-тармақша келесідей мазмұнда жазылсын:
«бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 207 907 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 12 820 897 мың теңге;»;
2) 9-1 тармағымен келесідей мазмұнда толықтырылсын:
«9-1. Облыстық бюджетте мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 2020 жылға арналған несиелік тұрғын үй құрылысына қарыздар түсімі көзделсін.»;
5) көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
А.ЕСІРКЕПОВ С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
Добавлено: 
31.01.2020 - 05:00
Последние изменения: 
31.01.2020 - 05:00